Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да ҚАЖ қызметкерлері облыстық турнирде жүлдегер атанды

БҚО-да ҚАЖ қызметкерлері облыстық турнирде жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz

16-17 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 30 жылдығына арналған күш құрылымдары арасында қазақ күресінен облыстық турнирі өткен болатын. Осы жарысқа қатысқан Батыс Қазақстан облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің құрама командасынан Мұрадым Сүйіншқалиев 55 келі салмақ дәрежесінде екінші орын, Алибек Танкишев 60 келі салмақ дәрежесінде үшінші орын, Болатбек Халелов 66 келі салмақ дәрежесінде үшінші орын, Асылхан Айтжанов 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды.

Жүлделі орын алған қызметкерлерге Орал қаласы Дене шынықтыру және спорт бөлімі атынан дипломдармен медальдар табыс етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру