Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да полицейлер өртті ауыздықтауға көмектесті

Батыс Қазақстан облысында полицейлер ауыл тұрғындарына өртті сөндіруге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 тамыз күні сағат 15:00-де Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында шаруашылық құрылысы өртенді. Дауылдың күшеюіне байланысты өрт тез тарала бастады. От алдымен шөп қораға  және көрші үйдің жанындағы шөп қораға, содан кейін тұрғын үйдің өзіне тарады.

Полиция қызметкерлері тұрғындармен және өрт сөндірушілермен бірлесіп, өрт ошағы жойды.Үйлесімді әрекеттің арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеді.

Барлығы алты ғимарат зардап шекті, олардың екеуі толығымен өртенді. Материалдық шығын есептелуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру