Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тас жолдағы апатта сегіз адам зардап шекті

Жол апаты 19 тамыз күні кешке “Талдықорған – Үштөбе” тас жолында Газель мен Nissan автокөлігінің қатысуымен орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жеңіл автокөліктің салонында бес ересек және үш бала болғаны анықталды. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Айта кету керек, оқиға орнына асығып келе жатқан “жедел жәрдем” бригадасы да жеңіл автокөлікпен соқтығысып, жол апатына ұшырады.

Бұл жол апатында зардап шеккендер жоқ. Тек екі көлікке де залал келген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру