Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда Отан қорғаушылар күніне орай сегіз ҚАЖ қызметкері марапатталды

Маңғыстауда Отан қорғаушылар күніне орай сегіз ҚАЖ қызметкері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 77 жыл толу мерекелеріне орай, сондай-ақ жеке құрамды патриоттық тәрбиелеу мақсатында Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.


Мерекелік шараға ҚАЖ ардагерлері мен жеке құрам қатысты. Шара бір минуттық үнсіздікпен соғыс жылдарында от кешкен сарбаздар мен қызмет бабында қаза тапқан қызметкерлерді еске алудан басталды. Одан кейін ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың құттықтау бейнежазбасы көрсетілді.


Алғыс құттықтау сөзді департамент бастығы Алтынбек Қалиев алды. Ол өткен тарихқа шолу жасап, барлығын мерекемен құттықтады.

Әуелі ведомство басшысы ІІО ардагерлерін арнайы грамоталармен марапаттады.Содан кейін Ішкі істер министрінің атынан қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін, қылмыстық-атқару жүйесін нығайтуға қосқан үлесі үшін және Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге байланысты сегіз қызметкерге кезекті шендер, медальдар, төсбелгілер, грамоталар табыстап, алғыс жариялады. Үш қызметкер департаменттің грамоталарымен марапатталды.

Алтынбек Қалиев марапатталғандарды құттықтап, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Марапаттау рәсімінен соң Маңғыстау облыстық филармониясының өнерпаздарының қатысуымен мерекелік шара концертке ұласты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру