Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда полицияға жарылғыш зат туралы жалған хабарлама келіп түсті

Көкшетауда полицияға жарылғыш зат туралы жалған хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 мамырда сағат 14.05-те Көкшетау қаласы ПБ-ның 102 жедел арнасына дүкендердің бірінің директорынан жасырын қоңырау келіп түскен.

Өтініш беруші белгісіз адам оған сауда нүктесінде салынған жарылғыш зат туралы хабарлағанын айтты.

Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері, ҰҚК, прокуратура, ТЖД өкілдері келді.

Аталған күштер эвакуациялық іс-шаралар ұйымдастырды. Қоршау қойылды, көп қабатты үйден тұрғындар эвакуацияланды.

Тексеру шаралары барысында жарылғыш зат пен басқа да күдікті заттар табылған жоқ.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Қазіргі уақытта жарылғыш зат туралы жасырын түрде хабарлаған белгісіз адамның жеке басы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру