Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жыл басынан 7 мың километрден астам жолды тексерді

СҚО полицейлері жыл басынан жеті мың километрден астам жолды тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысындағы жолдардың жалпы ұзындығы 9 364 километр. Оның үстінде 135 бағдаршам, 17 825 жол белгілері орнатылған. Жол-көлік инфрақұрылымының жағдайына қарап, оны ұстау – жол қауіпсіздігінің тікелей факторы. СҚО ПД әкімшілік полиция қызметкерлері жолдардың жай-күйін жиі қадағалап отырады. Кездесетін бұзушылықтар әр түрлі. Негізінен, жолдардағы шұңқырлар, алмастыруды қажет ететін жол белгілері сияқты кемшіліктер анықталады. Мәселен, оқу орындарының бірінің директоры «Кіруге тыйым салынады» белгісін, онымен қоса осы белгінің астына нормативтік актілермен белгіленбеген «Қызметтік көліктен бөлек» тақтасын орнатып қойған. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицейлердің айтуларынша, бұл жағдайда «Жүруге тыйым салынады» белгісін қойған жөн. Өйткені, жол белгісінің күші ұйым қызметкерлерінің автокөліктеріне және қызмет көрсететін көліктерге қолданылмайды.

– Жыл ішінде жүргізілген барлық 908 тексерудің нәтижелері бойынша жеті мың шақырымнан астам жолдар тексерілді. 1802 кемшілік анықталды, – дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов. – Мүдделі субъектілерге қатысты кемшіліктерді жою туралы 773 ұйғарым шығарылды. 122 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Апаттылықты азайту және жол қауіпсіздігін нығайту үшін жол-көлік инфрақұрылымын жетілдіру бойынша 212 ұсыным дайындалып, жергілікті атқарушы органдарға жіберілді. Мысалы, жарық диодты жарығы бар жол белгілерінің аздығы көрсетілді. Бұндай жол белгілері жүргізушілердің көзіне бірден түседі. Қазіргі уақытта осындай белгілер Петропавлдағы көлік қозғалысы мен адам аяғы көп жүретін алты учаскеде орнатылып жатыр.

Барлығы жыл ішінде әкімшілік полицияның ұйғарымдары бойынша 127 мың шаршы метр болатын шұңқырлар жабылды, 400 мың шаршы метрден астам жол таңбалары салынды, 1400-ден астам жол белгілері қойылып, ауыстырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру