Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жыл басынан бері 1300-ден астам тыныштықты бұзу дерегін тіркеді

СҚО полицейлері жыл басынан бері 1300-ден астам тыныштықты бұзу дерегін тіркеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 шілдеде түн ортасынан кейін көп ұзамай, Жуков көшесіндегі үйдің ауласына келген полицейлер екі әкімшілік бап бойынша бірнеше жергілікті тұрғындарды жауапқа тартты: тыныштықты бұзғаны және қоғамдық жерде ішімдік ішкені үшін. Тәртіп сақшылары үнемі кафе иелеріне немесе әкімшілеріне хаттамалар жасайды, әдетте олар жұмыс күндері сағат 22:00-ден немесе демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден кейін музыканың даусын азайтуды «ұмытады».

Көбінесе сигналдар Қазақстан Конституциясы көшесінде тұратын адамдардан келіп түседі. Бірегей жаяу жүргіншілер көшесі – қала тұрғындарының сүйікті серуендеу орны. Өкінішке орай, қараңғыда олардың кейбіреулері жақын маңдағы үйлерде адамдардың ауыр жұмыс күнінен кейін демалғысы келетінін ұмытып жатады.

– Мұндай адамдардың топтарын бейнебақылау инспекторлары қадағалайды, содан кейін модульдік полиция бекетінде кезекшілік атқаратын автопатрульдер немесе қызметкерлер оларды жауапқа тартады. Орта есеппен алғанда, қалалық полиция қызметкерлері әр кеш сайын осындай бірнеше қоңырауға шығады. 1 маусым мен 12 шілде аралығында облыс орталығында 253 тыныштық бұзу дерегі тіркелді. Естеріңізге сала кетейік, түнгі шу жеке тұлғаларға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, – дейді СҚО ПД Петропавл қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Әлібек Ғабдуллин.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында тыныштықты бұзғаны үшін 1379 адам жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру