СҚО полиция бастығы еріктілер мен ерікті көмекшілерді марапаттады
Тәуелсіздік күні қарсаңында СҚО полиция бастығы еріктілер мен ерікті көмекшілерді марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавлда кешенді полиция күштерінің гарнизондық жиналуы өтті. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов еріктілер мен ерікті полиция көмекшілеріне алғыс хаттар табыстады, сондай-ақ өңірдің қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қорғауға кірісетін жеке құрамға нұсқау берді.
Патрульдік, учаскелік инспекторлар, полиция департаментінің қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, ерікті полиция көмекшілері мен еріктілер. Саптық байқау барысында Айдын Қабдұлдинов қызметкерлердің сыртқы келбетін және олардың төмен температура жағдайында қызмет атқаруға дайындығын тексерді.
Күн сайын бірнеше ауысымда көше кезекшілігі мен патрульге погон таққан бірнеше жүз адам түседі. Полицейлерге «Қамқор» еріктілер ұйымының белсенділері мен полицияның ерікті көмекшілері; қаланың колледждері мен ЖОО-да түрлі мамандықтар бойынша оқитын жас жігіттер мен қыздар айтарлықтай көмек көрсетеді. Жеке құрамның алдында Петропавл қалалық полиция басқармасының ерікті полиция көмекшілері жасағының командирі отставкадағы полиция подполковнигі Петр Аксенов, сондай-ақ бес ерікті көмекші мен еріктілер: Мейрамбек Өтенов, Азиза Ақмұлтықова, Шыршыгүл Қарақат, Дана Қуаныш, Маргарита Бардус, Анастасия Новожилова, Елизавета Пилипушко, Максим Буш, Алина Дружинина, Камила Жүнісова марапатталды.
Гарнизондық жиналыс үрмелі аспаптар оркестрінің үнімен сүйемелденген салтанатты шерумен аяқталды, содан кейін полицейлер қызмет атқару орындарына тарады. Олардың ортақ міндеті — мереке күндері аймақ тұрғындары мен қонақтарының тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.