Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жеке құрамға гарнизондық нұсқаулық өткізілді

Жеке құрамның қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қорғау жөніндегі міндеттерді орындауға дайындығын қолдау мақсатында Павлодар облысының орталығында жеке құрамға гарнизондық нұсқаулық өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шеруде батальон қызметінің және патрульдік полиция ротасының инспекторлары, кинологтар, тергеушілер, жедел уәкілдер, учаскелік полиция инспекторлары, 5512 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, күзет құрылымдарының өкілдері сапта тұрды. 

Облыстық полиция ведомствосы бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров полицейлердің дайындық деңгейін тексерді, автокөлікті қарап шықты, қызметкерлер облыстағы жедел жағдай туралы ақпаратпен танысты, қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген және хабар-ошарсыз кеткен адамдар бойынша бағдарларды жеткізді. Сондай-ақ полицияның бірінші кезектегі міндеті саналатын қоғамдық құқықтық тәртіп пен азаматтардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қорғау жөнінде тапсырмалар берілді.

Жалпы гарнизондық нұсқаулық салтанатты шерумен аяқталды, онда қызметкерлер сапта тұрды. Содан кейін құқықтық тәртіп сақшылары аймақтағы қоғамдық тәртіпті қорғауға кірісті.

Естеріңізге сала кетейік, “Полицияның қазақстандық сервистік моделі” пилоттық жобасы аясында халықпен өзара қарым-қатынасты жақсарту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін процестерді оңтайландыру мақсатында автопатрульдер ойын-сауық мекемелеріне, ірі сауда үйлеріне жақындатылды.

Айта кетейік, облыс орталығында тәулік бойы көшелер мен аулаларды күзететін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, қоғамдық тәртіпті сақтайтын полицейлер 100-ден астам құқық бұзушылықтың жолын кеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру