Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полиция подполковнигі Tartyl Fest гранд-финалында 29 рет тартылды

СҚО полиция подполковнигі Tartyl Fest гранд-финалында 29 рет тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері аймақ құрамасының құрамында турникте тартылу бойынша ел тарихындағы ең ірі турнир-Tartyl Fest гранд – финалына қатысты. Іріктеу жарыстары Қазақстанның 20 қаласында өтті. Нәтижесінде Астанада үздік 170 спортшы үздіктердің үздігін анықтау үшін жиналды.

Республикалық турнир қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан спортшылары жақсы нәтижелер көрсетті. Олардың қатарында СҚО полиция департаментінің қызметкері Олег Гурский де бар. 35 жастағы полиция подполковнигі 29 рет тартылды. Республикалық турнирдің қорытындысы бойынша 30 жастан асқан топта және 80-нен 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Олег Гурский құрметті үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ, Tartyl Fest-ке 29 жастағы полиция лейтенанты Тимур Андреев те қатысты, ол 30 жасқа дейінгі топта 80-нен 90 келіге дейін өнер көрсетті. Ол 32 рет тартылды.

СҚО полиция департаментінде дене шынықтыру және спортқа ерекше көңіл бөлінеді. Арнайы дайындық шеңберінде бөлімшелердің жеке құрамы дене шынықтыру сабақтарына қатысады; қызметкерлер әр түрлі спорт түрлері бойынша облыстық және республикалық жарыстарға белсенді қатысады. СҚО ПД бастығы Айдын Қабдулдинов жақында өткен жедел жиналыста «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы облыстық филиалының 2022 жылғы дәстүрлі спартакиадасының қорытындысы бойынша кубоктар мен грамоталарды табыс етті. Жыл қорытындысы бойынша үшінші жалпы командалық орынды Петропавл қаласының полиция басқармасы иеленді. Екінші орын – Айыртау ауданының полиция бөлімінің дене шынықтыру ұжымында. Бірінші жалпы командалық орын  – облыстық полиция ведомствосы аппаратының командасына берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру