Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полициясының бастығы азаматтарды аптасына екі рет қабылдайтын болады

Жаңа кесте бойынша Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов азаматтарды жеке қабылдау тәжірибесін жалғастырып жатыр. Қаңтар айынан бастап азаматтарды қабылдау аптасына бір емес, екі күн, сәрсенбі және жұма күндері өткізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық істерді тергеу барысы туралы сұрақтар, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің проблемалық сәттері, полицияға жұмысқа орналасу мәселелері – жиі кездесетін тақырыптар. Кезекті қабылдау AMANAT партиясының алаңында өткізілді. Қабылдауға екі адам жазылды. Айтылған мәселелерді шешу ПД бастығының жеке бақылауына қойылды.

Облыстың бас полицейі өңір тұрғындарымен сұхбатқа ашық. Қабылдауларда келіп түскен мәселелер құзыретіне кіретін қызмет басшылары да қатысады. Полиция қызметтерінің қолжетімділігі, халықтың сұраныстарына жедел ден қою – полиция жұмысының сервистік моделін құрудың негізгі факторлары.

Жыл басынан бері СҚО ПД бастығының қабылдауына 22 адам жазылды. Жазылуды 8 (7152) 39-40-20, 39-41-63 телефон нөмірлері арқылы жасауға болады. СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдиновтың Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында полицияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша да жүгінуге болады.

СҚО ПД бастығының орынбасарлары жыл басынан бері 28 адамды қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру