СҚО ҚАЖД қызметкерлері мен сотталғандар балалар ауылының тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтады
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері сотталғандармен бірлесіп отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Балалар үшін сотталғандар арнайы қазақтың ұлттық камзолдарын, жастықтарды, жұмсақ ойыншықтарды тігіп, қызметкерлер тәттілер мен басқа да қажетті заттарды, керек-жарақтарды алды.
Сыйлықтарды тапсыру үшін қызметкерлер балалар ауылына жеке барып, келе жатқан мерекемен құттықтады, сондай-ақ профилактикалық әңгіме өткізді.
Қызметкерлердің мейірімділігі мен қамқорлығын балалар да, әкімшілік те бағалады. Жетім балалар үшін мұндай іс-шаралар үлкен маңызға ие. Бұл сыйлық түріндегі нақты көмек қана емес, сонымен қатар балаларға сенімділік пен қолдау сезімін беретін маңызды психологиялық әсер.
Әрқайсымыз мұқтаж адамдарға көмек көрсету ісіне өз үлесімізді қоса алатынымызды есте ұстаған жөн. Мұндай акциялар жақсылықтың жүздікке қалай оралатындығының және басқаларға көмектесудің маңыздылығының тамаша мысалы болып табылады.