СҚО тумасы зейнет жасында ҚР азаматшасы атанды
СҚО тумасы зейнет жасында ҚР азаматшасы атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Зейнет жасында ҚР азаматшасы атанған отандасымыз көзіне жас алып СҚО полицейлеріне алғысын жаудырды. СҚО Совет ауданының 62 жастағы тұрғыны Раиса Пивень сауыншы болып жұмыс істеген. Украина азаматына тұрмысқа шығып, 1991 жылы тұрақты тұруға Молдова Республикасына кеткен. КСРО-ның тарауна байланысты болған өзгерістер болашаққа деген жоспарға өз таңбасын енгізді. Құжат алмастыруды кейінге қалдырған әйел, күні бүгінге дейін қызыл төлқұжатпен өмір сүріп келген. Нағыз мәселе әжейдің Молдова Республикасының полициясына азаматтығы жоқ тұлға мәртебесін тануы үшін жүгінген кезінде, 2020 жылдың қарашасында туындаған. Молдованың заңнама нормаларына сәйкес әйелге Молдова азаматтығын беруден бас тартылып, сол айда Қазақстан Республикасына депортацияланған.
Раиса Пивеньнің бұрынғы КСРО бойынша туысынан тек Аққайың ауданында тұратын әпкесі ғана қалған. Раиса әжей сол туысының үйіне орналасқан. Полиция әжейді құшақ жая қарсы алды.
– Көші-қон қызметінің қызметкерлері барлық мән-жайларды зерттеп, 1991 жылға дейін облыс аумағында тұру фактісін растау үшін қажетті сұраулар жолдады, – дейді Аққайың ауданының ПБ бастығы Руслан Сапаров. – Ақырында Раиса Насибуловна1974 жылғы үлгідегі төлқұжатын алмастырды, мамырдың 18-і полиция бөлімінде әжейге ҚР азаматшасының жеке куәлігі табысталды. Бірер күнде ол өзінің алғашқы зейнетақысын да алады. Бірде бір адам, шешуі ішкі істер органдары қызметкерлерінің құзіретіне кіретін, мәселесімен жеке өзі қалып қоймауы керек. Сондықтан адамдарға көмек көрсету «халық үніне құлақ асатын мемлекет» принципін іске асыру аясындағы полиция жұмысының басымдықтарының бірі болып табылады.