Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Степногорск полицейлері пәтерден теледидар ұрлаған күдіктіні ұстады

Степногорск полицейлері пәтерден теледидар ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 желтоқсанда Степногорск қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне 33 жастағы қала тұрғыны 29 желтоқсанда сағат 14:00-ден 19:30-ға дейін белгісіз тұлға пәтерден «LG» теледидарын ұрлап әкеткені туралы өтінішпен жүгінді. Шығын сомасы 100 мың теңгені құрады. 19 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Степногорск қалалық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ұрлық үшін бұрын сотталған 40 жастағы Степногорск қаласының тұрғыны бұл әрекетін мойындады.

Әңгіме барысында күдіктінің танысы бұрын пәтер жалдап тұрғанын, пәтер иесінің кілттерін қайда сақтайтынын айтқан. Қаскүнем пәтерге кіріп, теледидарды ұрлап әкеткен. Кейін ол оны 5 мың теңгеге сатқан, ал түскен қаражатты жұмсаған.

ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру