Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ойын клубында көкшетаулықтан синтетикалық есірткі табылды

Ойын клубында көкшетаулықтан синтетикалық есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қаңтардан бастап ел аумағында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Рейд барысында ойын-сауық мекемелерінің бірінде облыс орталығының 28 жастағы тұрғыны күдік туғызды, оның қалтасынан психотроптық заты бар “мефедрон” табылды және тәркіленді. Сараптама тағайындалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабының 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру