Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Степногорск тұрғыны танысының 4 млн теңгелік алтын бұйымдарын ұрлап кетті

Степногорск тұрғыны танысының 4 млн. теңгелік алтын бұйымдарын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қарашада Степногорск қалалық ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғынның арызы келіп түсті, әйел үйінен алтын бұйымдар ұрланғаны туралы хабарлады. Шығын сомасы 3 млн. 670 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті – 39 жастағы жергілікті тұрғын анықталды.
Әйелдер бір-бірімен таныс және достық қатынаста болған. Күдікті жәбірленушінің жеке мүлкіне еркін қол жеткізе алғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру