Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Степногорск тұрғынынан ақаулы автокөлік ұрланды

Степногорск тұрғынынан ақаулы автокөлік ұрланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 ақпанда Степногорск қаласының Полиция басқармасына 31 жастағы жергілікті тұрғыннан 30 қаңтарда белгісіз тұлғалар Renault Logan ақаулы автокөлікті ұрлап кеткені туралы арыз келіп түсті. Шығын сомасы 750 мың теңгені құрады. 

Өтініш беруші көліктің ақаулы екенін түсіндірді. Ол оны достарының үйі мен техникалық қызмет көрсету станциясының жанында қалдырды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында автокөлік Нұр-Сұлтан қаласындағы автокөліктерді бөлшектеу пунктінен табылды.

Нұр-Сұлтан қаласының 25 жастағы тұрғыны Степногорск қаласына жұмыс іздеп келген. Онда ол өз көлігінің бамперін жөндегісі келіп, техникалық қызмет көрсету станциясына жүгінген. ТСҚ жанында ол дүкендердің бірінде тұрған көлікті байқады. Эвакуаторжалдап, қаскүнем автокөлікті сату мақсатында астанаға алып барған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру