Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушылардан тәркіленген қаруды көрсетті

Алматы қалалық ПД жаппай тәртіпсіздіктер мен қару-жарақ дүкендерін тонауға қатысушылардан тәркіленген атыс қаруы мен оқ-дәрілерді көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел алдын алу іс-шара барысында Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл облыстарында полиция қызметкерлері 400-ден астам атыс қаруын тәркіледі, оның 152-сі ағымдағы жылдың қаңтар айының басында орын алған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкендерінен ұрланған.

Еске салсақ, мамандандырылған сауда орындарынан барлығы 1 400-ден астам атыс қаруы ұрланған. Сонымен қатар, заңсыз айналымнан тәркіленген қарудың басым бөлігінің меншік құқығы әлі анықталмағанын, оларды қаскөйлер қылмыстық жолмен алғанын айта кеткен жөн, – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.

Еске салайық, осы күндері шаһарда криминогендік жағдайды жақсартуға, сондай-ақ заңсыз айналымнан, оның ішінде белгілі қаңтар оқиғасы кезінде қылмыстық құрамдардың меншігіне айналған қаруды тәркілеуге бағытталған “Қару” жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.

Сондай-ақ, қылмыстық жауапкершіліктен босататын, қаруды өз еркімен тапсыру науқанына назар аудару қажет. Ол жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру