Степногорскіде телефон ұрлаған ер адам анықталды
Степногорскіде телефон ұрлаған ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 мамырда Степногорск қаласының Полиция басқармасына ұрлық туралы жергілікті тұрғын арызданған. Ер адам 31 қаңтарда белгісіз адам өзіне тиесілі Samsung S9 телефонын ұрлап кеткенін, оның болжамынша, ұялы қосымша арқылы өтініш берушіге бір млн теңге көлемінде онлайн-кредит ресімдегенін хабарлады.
Жәбірленушіге несие алу туралы оған тиесілі банк картасынан қарыз сомасы ұсталғаннан кейін белгілі болды.
Тергеу-жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері күдікті Степногорск қаласының 26 жастағы тұрғынын анықтады.
Спирттік ішімдіктерді бірлесіп ішу кезінде қаскүнем несиені рәсімдеу кезінде сурет жіберу үшін жәбірленушімен суретке түсіп, видео жазғаны анықталды.
Аталған факті бойынша Полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.