Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер газ қаруын қолданған тұрғынға айыппұл салды

Ақмолалық полицейлер газ қаруын қолданған тұрғынға айыппұл салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 мамыр күні сағат 20:51-де Целиноград полиция бөліміне Қоянды ауылының тұрғынынан атыс болып жатқаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Оқиға орнына дереу келген полиция қызметкерлері 36 жастағы жергілікті тұрғын мас күйде өзінің туысына ПМР-9 маркалы тапаншадан оқ атқанын анықтады.

Оқ атудың нәтижесінде, жәбірленуші ешқандай дене жарақатын алмаған.

ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабына (Атыс, газды, пневматикалық, лақтыру және электрлі қарудан оқ ату) сәйкес және ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу) бойынша құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды.

Сонымен қатар, құқық бұзушыдан МР-43 атыс қаруы, ПМР-9 газ тапаншасы тәркіленді. Қосымша тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру