Су тасқыны: Қостанай облысында ұландық сарбаздар тұрғындарға көмектесіп жатыр
Қостанай облысында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының жауынгерлері тұрғындарға жеке заттарын және автокөліктерін шығаруға көмектесіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай өңірі Қазақстанның көптеген облысы сияқты табиғи апат – су тасқынына ұшырады. Облыстың бірнеше ауданы мен қаласында, соның ішінде облыс орталығының өзінде де ТЖ режимі жарияланды. 6697 әскери бөлімінің жеке құрамы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерімен және еріктілермен бірлесіп Қостанай қаласында көмек көрсетеді.
Ұлттық ұланның 100-ге жуық әскери қызметшісі ұзындығы 1500 метр және биіктігі 150 сантиметр болатын Тобыл өзенінің жағасын нығайтып, 13 мыңнан астам қап дайындап, төседі. Сондай-ақ батальон командирі Василий Гунько бастаған жедел мақсаттағы 1-батальонның сарбаздары таңғы сағат 05:30-дан бастап тік тұрып қызмет етуде және су басқан елді мекендерде қоршауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындайтынын және тұрғындарға су басқан үйлерден мүлік пен техниканы эвакуациялауға көмек көрсететінін, сондай-ақ полиция қызметкерлерімен бірлесіп су тасқынына жол бермеу үшін патрульдік-бекеттік қызмет атқаратынын атап өткен жөн.
– Біздің жеке құрамымыз 6 сәуірден бастап Қостанай қаласындағы ТЖ режимі бойынша қоғамдық тәртіпті қорғауға тартылды – облыс орталығы тұрғындарының үйлері мен пәтерлеріндегі оның су басқан шағын аудандарындағы мүлікті қорғау бойынша міндеттерді орындайды. Сондай-ақ су тасқыны қауіпі жоғары бағыттарға бейбіт тұрғындардың өтуін шектейміз. Қажет болған жағдайда жергілікті тұрғындарға жеке мүлікті, көлікті және үй жануарларын эвакуациялау бойынша көмек көрсетеміз, – деп атап өтті 6697 әскери бөлімінің командирі Талғат Әбдіров.