Су тасып, сең жүрсе, балалар қалай әрекет етуі керек?
Қостанай облысында құтқарушылар балаларға су тасып, сең жүргенде қалай әрекет ету керек екенін, жазатайым оқиғалардың қалай алдын алуға болатынын үйретті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
6-дан 16 жасқа дейінгі 35 бала құтқарушылардың дәрісін тыңдап, қандай жағдайда табиғат құбылыстарына төтеп беруге болатынын білді.
«ҚР ІІМ ТЖК Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағының базасында Жамбыл орта мектебінің 5-сынып оқушыларына ашық есік күні өтті. Балалар апаттық-құтқару жабдықтары мен альпинистік және сүңгуіршілердің құрал-саймандарымен танысты.
Құтқарушылар сел кезінде суда қалған адамды қалай құтқарып, алғашқы медициналық көмекті қалай көрсету керек екенін үйретті.