Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Армандар орындалады

Әйелдер мерекесі қарсаңында Polisia.kz сайты өз оқырманын құқық қорғау органдары саласында жұмыс істейтін табысты әйелдермен таныстыруын жалғыстырады.

Сұлулық пен нәзіктікті, қажыр мен қайсарлықты бiр бойына жинаған кейіпкеріміз Шырын Әбдиева  Қылмыстық-атқару жүйесі саласында 24 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Қарапайым, көпбалалы отбасыдан шыққан Шырын алға қойған арманы мен мақсатына берік еді.

Мектепті де үздік тәмамдап, үлкен өмірге жолдама алды. Арманы орындалып, 1991-1994 жылдар аралығында копиративтік техникумын аяқтады. 2003 жылы Экономика және құқық инстутын «заңгер» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1996 жылы Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторынан бастаған. Ұқыпты, жауапкершілігі мол жас маман осы саланың ыстығына күйіп, суығына тоңып қызметтік қабілетін шыңдады. Жас қызметкердің мамандығына деген сүйіспеншілігін байқаған мекеме басшысы Қ.Иламанов жас маманды сотталғандардың іс-құжаттарын тіркеп отыратын арнайы есепке алу бөлімінің есеп технигі етіп алды. Он жыл бойы осы бөлімде сотталғандардың құжаттарын тіркеп, талап арыздарын толтырып, заңды күшіне енген іс- құжаттарды реттеді.

Осылайша күнделікті заңдағы өзгерістерді біліп қана қоймай, оның қолданылуын жетік меңгеріп алған Шырын 2015-2018 жылдар аралығында Жалағаш аудандық пробация қызметінде аға испекторы болып еңбек етті. Бұл жылдары пробация қызметінің қыр-сырына қанығып, түзеу мекемесінде сотталғандармен тікелей жұмыс істеп, олардың түзелу жолына түсуіне тікелей себепкер болды. 2018 жылдың сәуір айында Қызылорда қалалық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы болып, қызметтік дәрежесін көтерді. Аға буынның берген ақылы мен қолдауының арқасында көп ізденіп, еңбектеніп, сержант шенінен сатылап көтерілген кейіпкеріміз 2018 жылы майор атанды. 2020 жылдың ақпан айынан бастап, ҚАЖ департаментінің арнайы есепке алу тобының бас маманы лауазымын атқарып келеді.Қызмет атқарған 24 жыл ішінде өз ісіне адал болу — оның басты принципі болды.

– Бұл саланы өзім таңдадым. Қыз бала үшін ауыр болатынын түсінсем де, көп ізденіп, еңбек қылдым. Бұл салаға келуіме себепкер болған ағам Ораз Қалиұлының ұлағатты ісі мен бейнесі менің осы қызметтегі үлгі тұтар тұлғам болып қала береді. Мен қызметте ғана емес, отбасылық өмірде де бағы жанған әйелмін.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру