Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілді

Су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша ВАМК отырыс өткізілді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
11-ақпанда ІІМ Төтенше жағдай комитетінде Премьер-Министрдің орынбасары
Роман Склярдың басшылығымен және ішкі істер министрінің орынбасары
Юрий Ильиннің төрағалығымен «Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі
басқару органдарының, күштері мен құралдарының су тасқыны кезеңіне
әзірлігі туралы» күн тәртібімен төтенше жағдайлардың алдын алу және
оларды жою бойынша ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы
өтті.
Отырысқа орталық мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ
бейнеконференциялық байланыс режимінде облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары, төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары қатысты. «Қазгидромет» РМК, ТЖ комитетінің, су ресурстары комитетінің басшылары жетекшілік ететін бағыттар бойынша жұмыстар туралы сөз сөйледі. Олар болжам, су тасқыны кезеңіне дайындық, гидротехникалық құрылыстардың суды қабылдау және апатсыз өткізуге техникалық дайындығы туралы баяндады. Елді-мекендерді көктемгі су тасқынынан қорғау үшін «2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қатерлерінің алдын алу және оларды жою бойынша шаралар кешені» жол картасы жүзеге асырылуда.Онда 521 іс-шараны орындау көзделген. Үш жыл ішінде жол картасының іс-шараларын іске асыру 1046 елді мекеннің 724-і үшін қауіп-қатерді азайтуға мүмкіндік берді. 2017-2019 жылдар аралығында
515 шақырым қорғау бөгеттері мен біліктері салынды, 508,1 шақырым қорғау
құрылыстары жөнделді, 537,1 шақырым су тасқыны қаупі бар өзен арналарын
жағалауды бекіту, түбін тереңдету және түзету бойынша жұмыстар жүргізілді.
Отырыс барысында су тасқыны жағдайының ықтимал шиеленісуіне ден қою
үшін құрамында 1 730 бірлік техника, 300 бірлік жүзу және 1 098 су айдау
құралдары бар 9 мыңнан астам адамнан құрылған авариялық-құтқару
бөлімшелерінің күштері мен құралдары топтастырылғаны атап өтілді.
Саны 400-ден астам адам күштер мен құралдардың қосымша резервтік
топтары, 60 бірлік техника, 30-ға жуық жүзу құралдары мен 80 мотопомпа, сондай- ақ Ұлттық ұланның 1 500-ден астам әскери қызметшілер мен 150 бірлік техника дайындалды. Халықты хабардар ету мәселелері пысықталуда.
Отырыс барысында су тасқыны жағдайының күрделенуіне ден қою үшін
авариялық-құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдарының тобы құрылғандығы атап өтілді. Халықты хабардар ету мәселелері пысықталды.
Еліміздің су тасқыны қаупі бар өңірлерінде су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуі
бойынша атқарылатын іс-шаралар туралы сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары әкімдерінің орынбасарлары тыңдалды.
Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр су тасқынының алдын алу
шараларын қабылдауды тапсырды. Комиссия отырысының соңында хаттамалық шешім қабылданды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру