Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Суды тоқтатады деп жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

Алматы қаласында суды тоқтатады деп жалған хабар таратқан жергілікті тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жалған хабарламаның мазмұны бойынша, қалалық сумен жабдықтау қызметі суды өшіреді, ал тұрғындар ауыз суды жинап алуы керек делінген. Өз кезегінде, 54 жастағы әйел өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.

 

«Х.азаматшаның сөзіне қарағанда, ол адамдардың арасында үрей туындатқысы келмеді және достарына ескерту жасағысы келгенін түсіндірді. Қандай болса да, оның телефоны арқылы ақпарат тарады, енді ол өзінің әрекеті үшін ҚР ҚК-нің 274-бабы 4 тармағы бойынша жауап беруге мәжбүр болады. Жедел хабар алмасу арқылы жіберілетін ақпараттық мәліметтердің барлығы дерлік жалған болып табылады.Қолданбалы қосымшаларыңыз болғандықтан, бұл сізде смартфон бар, демек, сіз ресми БАҚ-тағы жаңалықтарды көре аласыз дегенді білдіреді. Әдетте, мұндай хабарламалар іс-шараның нақты уақытын, болатын күні мен жерін көрсетейді. Содан кейін, мұндай хабарламалар көрші елдерден де келетін жағдайлар болады. Азаматтар қандай-да бір ақпараттық хабарлама жібермес бұрын, олардың дұрыстығын тексеру керек екенін түсінуі керек. Елдегі төтенше жағдай кезінде біле тұра жалған ақпарат таратқаны үшін түрмеге жеті жылға дейін қамау түріндегі жаза қолданылады. Әсіресе, егер бұл хабарлама халық арасында дүрбелең тудыру мақсатында жіберілсе », – деді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жанболат Зиадин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру