"Суицидке жол жоқ" тақырыбында семинар өткізілді
Қызылорда қалалық Полиция басқармасында "Суицидке жол жоқ" атты семинар-кеңес өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының психологтары жеке құрам арасындағы суицидтің алдын алу бойынша іс-шаралар шеңберінде "Суицидке жол жоқ" атты семинар-кеңес өткізді.
Семинарда "Ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу" тақырыбына арнлған баяндамалар оқылды. Сонымен қатар психологтар жеке құраммен "Ғажайып үңгір" атты тренинг өткізді.
Өткізілген тренингтің мақсаты - топтық шешім қабылдауды зерделеу болып табылады. Ол келісім іздеу кезінде тиімді мінез-құлықты үйретеді. Сонымен қатар бұл жаттығу топтағы байланысты қамтамасыз етеді.
Бұдан басқа семинар барысында қызметкерлерге суицидтің себептері мен алғышарттары туралы әдістемелік ұсынымдар таратылды.