Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Суицидке жол жоқ” тақырыбында семинар өткізілді

Қызылорда қалалық Полиция басқармасында “Суицидке жол жоқ” атты семинар-кеңес өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының психологтары жеке құрам арасындағы суицидтің алдын алу бойынша іс-шаралар шеңберінде “Суицидке жол жоқ” атты семинар-кеңес өткізді. 

Семинарда “Ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу” тақырыбына арнлған баяндамалар оқылды. Сонымен қатар психологтар жеке құраммен  “Ғажайып үңгір” атты тренинг өткізді.

Өткізілген тренингтің мақсаты – топтық шешім қабылдауды зерделеу болып табылады. Ол келісім іздеу кезінде тиімді мінез-құлықты үйретеді. Сонымен қатар бұл жаттығу топтағы байланысты қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа семинар барысында қызметкерлерге суицидтің себептері мен алғышарттары туралы әдістемелік ұсынымдар таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру