Сүйіктісін қызғанған жігіт қарсыласының телефонын тартып алған
Сүйіктісін қызғанған жігіт қарсыласының телефонын тартып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz
Астана полицейлері тонау қылмысын жасаған 32 жастағы тұрғынды ұстады. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті таңертең Жеңіс даңғылы бойымен өз көлігімен жүріп бара жатып, көшеде тұрған жұпқа көзі түскен. Ол онда өзінің қызын таныған. Күдікті екеуіне жақындап барғанда олардың арасында жанжал пайда болады. Нәтижесінде күдікті сүйіктісінің қасында тұрған ер адамның күртешесін жұлып алып, ұялы телефонын алып кеткен
Iphone телефонының иесі полицияға тонау туралы арызбен жүгінді. Ол келтірілген шығынды 670 мың теңгеге бағалады.
Астана қаласы ПД Сарыарқа ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде күдіктіні ұстады. Ол кінәсін мойындады. Ұялы телефон тәркіленді.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.