Сырдариялық тергеушілер көпбалалы анаға көмек көрсетті
Сырдариялық тергеушілер көпбалалы анаға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Сырдария аудандық полиция бөлімінің тергеушілері мұқтаж отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті.
Қайырымдылық іс-шарасына аудандық полиция бөлімінің тергеу және анықтау бөлімшелері қатысты.
– Қолдан келсе, мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіп, қолдау білдіріп келеміз. Бүгінде жақсы амалды жүзеге асырып жатырмыз. Әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасы үшін тұрмысқа қажетті азық-түлік пен тәттілер алдық. Мұндай игі жұмыстарды бұрын да ұйымдастырғанбыз және алдағы уақытта да жалғастыратын боламыз, – дейді полицейлер.