Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әскерден қашпақ болған семейлікті алаяқ алдап кетті

Әскерден қашпақ болған семейлікті алаяқ алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтар айының соңында Семей қалалық ПБ Орталық полиция бөлімінің “102” жедел арнасына 40 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, бейтаныс ер адам 2020 жылдың ақпан айының ортасында әскери билет алуға көмектесемін деп уәде бергенін айтқан. Өз қызметі үшін қаскөй 300 мың теңге алған, алайда біршама уақыттан кейін байланысқа шығуды қойған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтаған. Ол 57 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Бүгінгі күні күдіктіге қатысты келу міндеттемесі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру