Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 2 мыңға жуық мал айыппұл тұрағына қамалды

Павлодар облысында 2 мыңға жуық мал айыппұл тұрағына қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тереңкөл ауданының полицейлері “Таңба” акциясы аясында Воскресенка ауылдық округінде шаруа қожалықтары мен жеке аулаларды тексеру кезінде жергілікті тұрғыннан түйені сәйкестендіру белгісінсіз немесе биркасыз ұстау фактісін анықтады.

– Аталған факті бойынша жергілікті полиция қызметінің бөлімшесі ауданның ветеринария бөліміне ҚР ӘҚБтК 406-бабы (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша тексеру жүргізу және кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хат жолдады, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Акция барысында құқық қорғау органдарының күзетшілері 11 мыңнан астам аулаларды аралап шықты, нәтижесінде 377 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде малдың сәйкестендіру санының болмауының сегіз фактісі ҚР ӘҚБтК 406-бабы (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу), ҚР ӘҚБтК 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғы) бойынша малды рұқсатсыз жайғаны үшін 99 мал иелері, ҚР ӘҚБтК 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) көріктендіру ережелерін бұзғаны үшін 21 тұрғын жазаланды.

Ветеринария саласында 75 бұзушылық анықталды.  Облыс жолдарында малдың қараусыз жүруінің 120 фактісі анықталды. Айыппұл тұрағына 2 мыңға жуық ауыл шаруашылығы жануарлары қамалды. 

Мал басын есепке алу, аталған малдың сәйкестендірілуін (сырғалау, таңбалау, чиптау), сондай-ақ қолда бар малға ветеринариялық паспорттардың болуын тексеру мақсатында жүргізілетін “Таңба” жедел алдын алу іс-шарасы 28 ақпанға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру