Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Таблиғи Жамағат” діни-экстремистік ұйымының мүшесі есірткі сақтады деген күдікпен ұсталды

Алматыда “Таблиғи Жамағат” діни-экстремистік ұйымының мүшесі есірткі сақтады деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдіктіні полиция қызметкерлері 01:30-да Алматының Алатау ауданындағы Ұлжан ықшамауданында ұстады.

– Бұл – 36 жастағы Д.есімді азамат. Ол – Жамбыл облысының тумасы. Жедел деректерге сәйкес, ол ҚР аумағында тыйым салынған “Таблиғи Жамағат” діни-экстремистік ұйымының қолдаушысы. Күдіктінің жеке басын тінту барысында ішінде есірткі салынған полиэтилен байламы табылды және тәркіленді. Ұсталған азамат есірткіні заңсыз сақтағанын мойындады. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды, – деді Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Дархан Әбіқұлов.

Қылмыстық істің басқа да мән-жайлары ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру