Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорған полицейлері қызметтік иттің көмегімен ұрлық қылмысын ашты

Талдықорған полицейлері қызметтік иттің көмегімен ұрлық қылмысын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 қаңтарда Талдықорған полициясына 59 жастағы жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адам облыс орталығының саяжай алаптарының бірінде қоймаға жиналған металл сынықтарының ұрланғаны туралы мәлімдеді. Өтініш берушіге келтірілген залал 68 мың теңгеге бағаланды.

Оқиға болған жерді тексеру кезінде кинолог-полиция қызметкері Сергей Черкасов өзінің Ақтөс атты иісшіл досы малинуамен қылмыскердің қай бағытта жасырынғанын анықтады. Ит қылмыскердің ізін алып, полиция ұрланған мүлікті көрші көшедегі үйде таба алды. Үйдің иесі 31 жастағы ер адам. Күдікті өз ісін мойындады, ол жауапқа тартылады.

Бүгінде Жетісу полициясының кинологиялық қызметінің орталығында одорология, патрульдеу, есірткі іздеу, іздестіру жұмыстарында және арнайы операцияларда қылмыскерлерді залалсыздандыру кезінде қолданылатын 24 ит бар. 2022 жылы қызметтік-іздестіру иттері оқиға орнына 964 рет барды. Олардың көмегімен 287 қылмыс анықталды. Оның ішіндегі 14 қылмыс есірткінің заңсыз айналымына байланысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру