Талдықорғанда 40 электр самокат жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Талдықорғанда 40 электр самокат жүргізушілері заң бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдықорған қаласында электр самокаттарының жүргізушілері арасында жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары бірнеше сағат ішінде 40 самокат жүргізушілеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырды.
Құқық бұзушылар жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Сондай-ақ, жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабы (Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу) бойынша ескерту немесе 3 АЕК көлемінде айыппұл салынып, жауапкершілікке тартылды.
– «Жаяу жүргінші » жедел-профилактикалық іс-шарасының аясында біз электр самокаттарының жүргізушілері арасында заң бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмысты күшейттік. Бірнеше сағат ішінде қалада 40 скутер мен самокат жүргізушілері ұсталынып, жазаланды, – деді Талдықорған қаласының ПБ ППР командирі Руслан Примжанов.