Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда алаяқтыққа қатысы бар күдікті әйел ұсталды

Талдықорғанда алаяқтыққа қатысы бар күдікті әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қылмыстық тергеу материалдарында күдікті ретінде 48 жастағы әйел әрекет етеді, оған қатысты Талдықорған қалалық соты қамауға алу санкциясын берді. Ұсталған азаматша мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер бөлуге жәрдемдесуге уәде беріп, екі азаматтан алаяқтық жолмен 9 млн теңгеден астам қаражат иемденді деп күдіктелуде.

– Жәбірленушілердің бірінен әйел 4 млн тенге алса, екіншісінен 5,2 млн теңге алған. Күдікті мемлекеттік құрылымдардың қызметкері емес және мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй алаңын бөлумен айналысатын комиссияға ешқандай қатысы жоқ. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша жүргізілуде, – деді Жетісу облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы Руслан Чарапиев.

Полиция қызметкерлері Талдықорған қаласының жаңа шағын аудандарында мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер бөлуге байланысты алаяқтық әрекеттерден зардап шеккен азаматтарды мына телефондар арқылы хабарлауыңызды сұраймыз: 7 (777) 780-19-96, 8 (775) 5999761.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру