Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда мас жүргізуші жолаушылары бар автобуспен соқтығысты

Талдықорғанда мас жүргізуші жолаушылары бар автобуспен соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорғанда мас күйдегі жүргізуші мен жолаушылары бар автобустың қатысуымен орын алған жол оқиғасы әлеуметтік желіде тарады.

Жол-көлік оқиғасы 5 ақпанда Талдықорған қаласының Еркін ауылында жеңіл автокөлік пен жолаушылар автобусының қатысуымен болды. Қарсы бағытқа шығып, Isuzu Saz автобусымен соқтығысуға жол берген Nissan Cefiro көлігінің жүргізушісі кінәлі.

– Медициналық сараптаманың нәтижесіне сәйкес, Nissan автокөлігін басқарған ер адам «орташа» дәрежедегі мас күйде болған. Көпсалалы қалалық ауруханаға оқиға орнынан автобустың алты жолаушысы жеткізілді, олардың бесеуі медициналық тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберіліп, біреуі ауруханаға жатқызылды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Жол апатына кінәлі жүргізуші қамауға алынды, – деп атап өтті Талдықорған ҚПБ бастығы Ернар Ширбаев.

Жыл басынан бері өңірде масаң күйде автокөлік құралдарын басқарған 54 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Мас автокөлік жүргізушілерінің кінәсінен екі жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан екі адам түрлі дене жарақатын алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру