Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының бас полицейі мектеп оқушыларымен кездесті

Қарағанды облысының бас полицейі мектеп оқушыларымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен аптада, Қарағанды облысының бас полицейі Санжар Әділов Абай қаласындағы Шоқан Уалиханов атындағы мектептің оқушыларымен кездесті. Бас полицейге мектеп әкімшілігі заманауи үлгіде жасалған “Жас заңгер” сыныбы, “мектеп” телестудиясы, робототехника кабинеті, “коворкинг-орталығын” көрсетіп, ол жерде білім алушылар келген қонақтарға темекінің зияны тақырыбында дайындаған оқушылар арасындағы пікірталасты көрсетті.

Сонымен қатар кездесу барысында мектеп қабырғасына келген меймандарға оқушылардың нашақорлықтың алдын алу бағытында жасөспірімдермен осы бағытта дайындалып жатқан іс-шаралары бойынша тренинг өтті. Осыдан кейін, полиция генерал-майоры мектептің ғылыми әдістемелерге бай кітапханасын көріп, өз атынан Мұхтар Әуезовтің “Абай жолы” кітабын сыйға тартты.

Білім ошағының материалдық-техникалық жабдықтарымен танысып, оқушылардың дайындаған пікірталас, тренингтарын тамашалаған соң полиция генерал-майоры Санжар Әділов Абай қаласының әкімі мен прокурорының қатысуымен мектеп оқушыларына нашақоролықтың алдын алу бағытында дәріс оқыды.

– Бүгінгі кездесудің басты мақсаты – балалар арасында есірткі қылмыстарына жол бермеу, қоғам дертінен оқушылардың бойын аулақ қылу мақсатында өткізіліп отыр. Бұндай іс-шараларды біз үнемі өткізіп, жастардың санасын улайтын кеселдің зияны туралы түсіндіріп отырамыз. Алдағы уақытта облысымыздың өзгеде қалаларындағы мектеп ошақтарында бұндай жұмыстар жүргізілетін болады, – деді өз сөзінде департамент бастығы Санжар Әділов.

Кездесу барысында мектеп оқушыларына облыстық полиция департаменті кинологиялық орталығы қызметтік иттерінің жұмысы және жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері қоян-қолтық ұрысынан жаттығулары көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру