Талдықорғанда полицейлер балаларға жолда жүру ережелерін түсіндірді
Талдықорғанда полицейлер балаларға жолда жүру ережелерін түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдықорғанда полицейлер қаланы аралап, жасөспірімдермен кездесіп, жолда жүру ережелерінің маңыздылығын түсіндірді.
Кездесу барысында тәртіп сақшылары балаларға жолды қалай дұрыс кесіп өту керектігін, жаяу жүргінші өткелін қай жерлерде пайдалану қажет екенін және жолда неге мұқият болу керектігін айтты. Әсіресе жаяу жүргіншілерге арналған негізгі ережелерге баса назар аударылды — өткелдерді пайдалану, жолға шығар алдында қауіпсіздікке көз жеткізу сынды қарапайым қағидалар сөз болды.
Полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін түсіндіріп, бұл ережелерді білу мен сақтау балалардың ғана емес, барлық жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектесетінін атап өтті.
Осындай профилактикалық іс-шаралар кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында тұрақты түрде өткізіліп келеді. Полицейлердің пікірінше, жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін бала кезден қалыптастыру қажет.