Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Жетісу облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы мен облыстық прокуратура қызметкерлері бірлесіп, Талдықорған қаласы аумағындағы адам көп шоғырланатын сауда орындарында кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған профилактикалық іс-шараның мақсаты – интернет-алаяқтардың айла-амалдарына алданып қалмаудың жолдарын түсіндіру, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Іс-шара барысында полиция мен прокуратура өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарына интернет желісіндегі алаяқтықтың кең таралған түрлері мен олардан қорғану жолдары туралы ақпарат беріп, арнайы дайындалған 200-ден астам ақпараттық брошюралар мен парақшалар таратты.

Құқық қорғау органдарының өкілдері онлайн сауда жасауда, бейтаныс адамдарға жеке деректерді беруде, банктік шоттарға қатысты ақпаратпен бөлісуде абай болуды ескертті. Сонымен қатар күмәнді сілтемелерге өтпеуге және белгісіз нөмірлерден келген қоңырауларға сенбеуге шақырды. Мұндай түсіндіру шаралары алдағы уақытта да облыс аумағында жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Полиция қызметкерлері интернет кеңістігіндегі қылмыстардың алдын алуда тұрғындарды барынша сергек болуға және күмәнді жайттар туралы дереу "102" арнасы немесе жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабарлауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру