Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда «Жастар есірткіге қарсы» акциясы өткізілді

Талдықорған көшелерінде нашақорлықтың алдын алу мақсатында «Жастар есірткіге қарсы» акциясы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жастарды қолдау жөніндегі облыстық кеңес белсенділерінің, «Жастар рухы» жастар қанатының, сондай-ақ еріктілердің қолдауымен нашақорлықтың алдын алу бойынша тақырыптық жадынамалар мен буклеттер тарата отырып, нашақорлыққа қарсы акция өткізді.

– Нашақорлықтың алдын алудағы заманауи тәсіл, есірткіге тәуелділік түрлерін қоғамға көрсетумен қатар, салауатты өмір салтын насихаттау да жүруі тиіс екенін көрсетеді, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД ЕҚҚІҚБ жедел уәкілі Меруерт Искакова.

Іс-шараға қатысушылар тұрғындар мен жастарды өз денсаулығын сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға, қиындықтарға төтеп беруге үйренуге, егер өмірде қиын жағдайға тап болса, сенім телефондарын пайдалануға шақырды. Сонымен қатар белсенділер ата-аналарға жасөспірімдер арасындағы нашақорлыққа қарсы іс-қимыл алгоритмі бар, сондай-ақ егер тыйым салынған заттардың заңсыз айналымы саласындағы әрекеттердің куәгері болса, қандай әрекеттер жасау керек жолдары жазылған буклеттерді таратып, жапсырды.

Осы жылы Жетісу облысының аумағында есірткінің заңсыз айналымына байланысты 37 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 14-і – есірткі қылмысы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру