Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының полицейлері іздеуде жүрген қылмыскерді құрықтады

Ақмола облысының полицейлері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында қылмыстық құқық бұзушының орналасқан жерін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Щучинск қаласының аумағында криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Талдықорған қаласының полиция басқармасында іздеуде тұрған қылмыскерді ұстады.

Бұрын ҚР ҚК 99-бабы “Кісі өлтіру” бойынша сотталған, пробациялық бақылаудан жасырынған қылмыскер қазіргі уақытта қамауда отыр.

Естеріңізге сала кетейік, қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу, алдын алу шараларын арттыру, сондай-ақ көлік тәртібін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 21 наурызынан бастап облыс аумағында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Өткен кезеңде Ақмола облысында 2 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде қоғамдық орындарда алкогольдік мас күйінде пайда болу фактілері – 150, ұсақ бұзақылық жасау фактілері – 176. Түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болған 143 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды.

Патрульдік полиция батальоны мен ротасының қызметкерлері мас күйінде автокөлікті басқарған 36 құқық бұзушы жүргізушіні және жылдамдықты асырғаны үшін 1 мыңға жуық адамды ұстады.

Сонымен қатар тұрғылықты жері бойынша учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық есепте тұрған 2 мың 687 адамды тексерді.

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы ағымдағы жылдың 31 наурызына дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру