Талғар ауданында телефон ұрлаған ер адам ұсталды
Талғар ауданының полицейлері ұялы телефонды қолды қылған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 сәуірде Талғар ауданының 45 жастағы тұрғыны полицияға арыз жазып, үйінен ұялы телефонын қолды қылған белгісіз азаматқа қатысты шара қолдануын сұраған. Ұялы телефонды табуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы Алматы қаласының тұрғынын ұстады.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті деп танылған Алматы қаласының тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Ол өзінің жасаған қылмысын мойындады.
Тергеу барысында зардап шегушіге 90 мың теңге мөлшерінде материалдық шығын келгені анықталды. Тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы барын анықтайтын болады.