Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте пәтер ұрысы ұсталды

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері пәтер ұрлығын жасаған азаматтарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылғы 18 сәуір күні Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны арызданды.

Жәбірленушінің айтуынша, 18 сәуір күні сағат 17:45 шамасында белгісіз адамдар үйіне заңсыз кіріп, бір дана ұзартқыш (удленитель), болгарка және “DEO” маркалы газ қазандығын ұрлап кеткетін көрсеткен. Келтірілген материалдық шығын 220 000 теңгені құраған.

Үйге ұрлыққа түскен ұрыны ұстау мақсатында Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері Кинологиялық қызмет орталығының “Грэй” қызметтік-іздестіру итінің көмегімен жедел-іздестіру шараларын жүргізген.

Тыңғылықты жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде екі азамат анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласы Полиция департаменті тұрғындарға өз мүліктеріне аса сақ болуды, тұрғын үйлеріне қатысты қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз ету керек екенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру