Танысын балағаттаған қызылордалық қоғамдық жұмысқа тартылды
Танысын балағаттаған қызылордалық қоғамдық жұмысқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан Қызылорда қалалық пробация есебінен 40 адам қоғамдық жұмысқа тартылған.
Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация есебінде 11 адам қоғамдық жұмыстар атқару арқылы жазаларын өтеуде. Солардың бірі Қызылорда қаласының тұрғыны Т., есімді ер адам танысына WhatsApp желісі арқылы балағат сөздер жазғаны үшін жазаланған. Сот үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің ҚК-нің 131- бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 60 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалған.
Мамыр айында пробация есебіне алынып, сотталған Т-ға пробация қызметкерлері жаза өтеу тәртібі мен сот жүктеген міндеттерін толық түсіндірді. Қазір бұл ер адам жергілікті әкімдік белгілеген қоғамдық орындарда абаттандыру, көшелерді тазалау сынды жұмыстарды атқарып жүр.