Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер балаларға мереке ұйымдастырды

Павлодарлық полицейлер балаларға мереке ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балаларды қорғау күні қарсаңында Павлодар қаласы ПБ Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері көп балалы отбасыларға барып, “Менің бақытты отбасым” акциясын қолдады.

Полиция қызметкерлері балаларға аниматорлардың қатысуымен мереке ұйымдастырып, балалардың көңілді уақыт өткізулеріне өз үлестерін қосты. Сондай-ақ Павлодар қаласы ПБ Орталық полиция бөлімі бастығының орынбасары Жәнібек Қабышев басшылық атынан балаларды мерекемен құттықтады. Балалардың ата-аналары ұйымдастырылған мереке үшін Орталық полиция бөлімнің полицейлеріне ризашылықтарын айтты.

Мереке соңында полиция қызметкерлері балаларды сыйлықтармен және тәттілермен қуантты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру