Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Танысын тонаған сарыағаштық жігіт 3 жыл 6 айға сотталды

Түркістан облысында танысын тонаған 25 жастағы жігітке қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, оны танысы қорқытып, ашық түрде «ОРРО» маркалы ұялы телефонын алып қойғанын көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 150 мың теңгеге жуық. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркеді. 

Орын алған қылмысты ашу және күдіктіні ұстау мақсатында Сарыағаш АПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер оқиға орнын тыңғылықты тексеріп, жақын аралықтағы аумақтарды көріп шықты. Нәтижесінде полицейлер күдікті ер азаматты өз үйінен ұстады. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Күдіктіден айғақты зат ретінде қолды болған ұялы телефон алынып, заңды иесіне қайтарылды. Аталған жайт бойынша Сарыағаш АПБ-ның полиция қызметкерлері іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау мақсатында аудандық сотқа жолдады. Осылайша күдікті азамат соттың үкімімен үш жыл алты айға бас бостандығынан шектелді.

Белгілі болғандай күдікті азамат жәбірленушіні досымды бірге күтіп алайық деп алдап, оның автокөлігімен ауыл сыртына шыққан. Сол сәтте күдікті азамат автокөлікті тоқтатуын талап етіп, ақша сұрай бастаған. Алайда жәбірленуші ақшасының жоқтығын айтып, құтылмақ болған. Бірақ танысы оны қорқытып, ұялы телефонын тартып алған.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз бағалы заттарыңызға, қол сөмкелеріңізге сақ болыңыздар деп ескертеді. Тонау, ұрлық, қарақшылық жайттары орын ала қалса, тез арада полицияның «102» телефонына хабар беріңіздер. Уақытында берілген ақпарат қылмыстың «ізін суытпай» ашуға толық мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру