Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе көшелерінде көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Ақтөбе көшелерінде мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қыркүйек күні сағат 03.00-де Есет батыр көшесін патрульдеу кезінде ҚР ЖҚЕ бұзғаны үшін 26 жастағы жүргізушінің басқаруындағы “Lada Granta” автокөлігі тоқтатылды.

Құжаттарды тексеру барысында жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шықты, жүргізілген сараптама жүргізушінің мас күйінде екенін көрсетті. Сонымен қатар, жүргізушінің осыған ұқсас қылмысы үшін бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.

ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлімі бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Автокөлік арнайы тұраққа қойылған. Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру