Танысына пышақ салған ақмолалық бикеш ұсталды
Танысына пышақ салған ақмолалық бикеш ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 маусым күні сағат 00:50-де Степногорск қаласының полиция басқармасына қалалық аурухананың қабылдау бөлмесіне 26 жастағы жергілікті тұрғын жеткізілгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті, оған оң жақтағы іш қабырғасының тесілген-кесілген жарасы, алкогольдік мас болу диагнозы қойылды.
Алкогольді ішімдіктерді ішу кезінде туындаған ауызша жанжалдан кейін, зардап шеккен адамға дене жарақатын салған, жақын маңдағы елді мекендердің бірінің тұрғыны, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 43 жастағы танысы анықталды.
Полиция басқармасы осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 107-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Заттай дәлел, атап айтқанда пышақ тәркіленді