Танысының ноутбугын ұрлап алып, ломбардқа тапсырған қарағандылық ұсталды
Танысының ноутбугын ұрлап алып, ломбардқа тапсырған қарағандылық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 тамызда 46 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне жүгінді. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, пәтерге белгісіз біреу кіріп, ноутбукты ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 150 мың теңгені құрады. Полиция бұл факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады.
18 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметінің қызметкерлері күдікті – 26 жастағы жәбірленушінің танысын ұстады. Ол ломбардқа ұрланған ноутбукті тапсырғанын түсіндіріп, қылмысын мойындады. Айғақты зат алынды.
Сотқа дейінгі тергеу кезінде полицейлер ұсталған адамның осыған ұқсас тағы бір қылмысқа қатыстылығын анықтады.