Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстанның Ішкі істер министрі ЕҚЫҰ ДИАҚБ директоры Маттео Мекаччимен кездесті

Кездесу ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Маттео Мекаччидің Нұр-Сұлтан қаласына сапары аясында өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ басшысы Ел Президентінің адам құқықтарын қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтіп, осы саладағы халықаралық стандарттарды сақтау, жазаның орындалуын ізгілендіру және азаматтық бақылауды күшейту жөніндегі жұмыстар туралы айтты.

“Қылмыстық-атқару жүйесін реформалаудың негізгі басымдықтары болып адам құқықтарын сақтау, сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсарту және пенитенциарлық инфрақұрылымды жаңғырту айқындалды”, – деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.

Министр сотталғандарды ұстау мен олардың құқықтық жағдайын жақсарту жөніндегі жұмыстың нақты нәтижелері туралы хабарлады. Бұл – тамақтану нормаларын жақсарту, сәлемдемелердің салмағын, рұқсат етілген заттардың тізбесін арттыру, мекеме әкімшілігінен бөлек сотталғандардың өтініштері үшін терминалдар орнату, туыстарымен бейне байланыс енгізу, сондай-ақ сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету функцияларын Денсаулық сақтау министрлігіне беруге дайындық және тағы басқалар.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құқыққа қайшы әрекеттерді болдырмау үшін полицияның барлық қызметтік орындарында және пенитенциарлық мекемелерде бейнекамералар орнату жұмыстары басталғаны атап өтілді.

Бұдан басқа, мекемелер адам құқықтары жөніндегі уәкілдерге, қоғамдық-бақылау комиссиялары мен ұлттық алдын алу тетігі өкілдеріне кез келген уақытта ашық.

Қатысушылар адам құқықтарын сақтау саласындағы ынтымақтастықтың басым мәселелері мен перспективалары туралы, сондай-ақ Ұйымға қатысушы елдер үшін ЕҚЫҰ-ның осы саладағы ұсынымдары туралы пікір алмасты.

Ерлан Тұрғымбаев ЕҚЫҰ-мен өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтіп, “ІІМ адам саудасына, киберқылмысқа, заңсыз көші-қонға, есірткі бизнесіне қарсы күрес, сондай-ақ адам құқықтарын сақтау бойынша ЕҚЫҰ аясында өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысатынын” хабарлады.

“ІІО жүйесі бүгінде ашық және азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету үшін азаматтық қоғамның барлық институттарымен, құқық қорғау және халықаралық ұйымдармен сындарлы диалогқа дайын”, – деп атап өтті Қазақстанның Ішкі істер министрі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру